28
март
2025
14 Наурыз "Көрісу күні"
"Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "М.Әуезов атындағы негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 14-ші наурыз " Көрісу күні" күні өтті.Амал мерекесі, көрісу күні құтты болсын! Жыл берекелі болсын!Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады.Мақсаты:Бұл күні жасы үлкен адамдарға сәлем береді. Бір-біріне «Жасың құтты болсын!», «Жасыңа жас қосылып, ғұмырың ұзақ болғай!» деп тілек айтады. Көрісу күнінде бұрынғы өкпе-реніш кешіріліп, араздық ұмытылады. Ағайын-туыстарына амандық-саулық, құт-береке тілейді.